
Шымкент қаласында республикалық деңгейде «Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа парадигмалары: бастауыш буынға жаңа қадам» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның мақсаты — білім беру мазмұнын жаңғырту, оқыту мен тәрбиелеу үрдісін жетілдіру, заманауи педагогикалық технологияларды тиімді енгізу жолдарын айқындау болды.
Конференцияға ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғалымдары, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Шымкент қаласы бойынша КДИ директоры, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ өкілдері, Маңғыстау, Ұлытау, Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Атырау облыстары мен Астана, Тараз, Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Әдістемелік орталық әдіскерлері, директордың бастауыш сынып бойынша орынбасарлары мен бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. (жалпы 385).
Ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысы теориялық және тәжірибелік бағытта ұйымдастырылды.
Теориялық бағытта ғалымдар мен әдіскерлер, тәжірибелі педагогтер оқу мен оқыту сапасын арттыру, бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, өз тәжірибесін жинақтау арқылы рефлексивті дағдыларын дамыту, білім беру сапасын жақсартуға бағытталған тиімді әдістер мен өзекті ойларын ортаға салды.
Тәжірибелік бағытта педагогтер бастауыш сыныпты оқытудағы өзекті мәселелерді талқылайды, жоғары оқу орындары мен орта білім беру ұйымдары педагогтерінің мәдени, рухани байланысын нығайтуға бағытталған тәжірибе алмасу алаңын құрады. Инновациялық педагогикалық тәжірибелерді тәжірибе жүзінде көрсетіп, тәжірибелі педагогтер оқу сапасын арттыру, кәсіби құзыреттілікті дамыту және инновациялық тәжірибелерді енгізу мәселелерін талқылады.
Бұл конференция педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасу алаңына айналып, бастауыш білім беру саласындағы жаңа идеялар мен тиімді әдістерді талқылауға мүмкіндік берді.
