
Шымкент қаласындағы @150_keleshek_mektebi базасында бастауыш сынып оқушыларына арналған «Табиғат – Абай әлемінде» атты қалалық жас суретшілер байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – ұлы ойшыл, ағартушы Абай Құнанбаевтың шығармалары арқылы жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамыту, туған табиғатқа деген сүйіспеншілікті ояту және эстетикалық талғамын арттыру болды.
Байқау аясында қатысушыларға Абай шығармаларынан бейнероликтер көрсетіліп, олардың мазмұны мен идеялық мәні жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл қадам оқушыларға шығармашылық ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, Абай туындыларының терең философиялық маңызын түсінуге мүмкіндік берді.
Одан кейін балалар берілген тақырыпқа сай екі сағаттық практикалық жұмысқа кірісті. Әр қатысушы табиғат пен Абай әлемін бейнелейтін өз туындысын жасап, шығармашылық шеберлігін көрсетті. Қазылар алқасы оқушылардың жұмыстарын жан-жақты бағалап, үздіктерді анықтады. Байқау жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар табысталды. Айта кетерлігі, бұл сыйлықтар қала мектептерінің көркем еңбек пәні мұғалімдері тарапынан арнайы дайындалып, демеушілік негізінде берілді.
Байқау барысында оқушылардың шығармашылық қабілеті ғана емес, олардың ұлттық мәдениет пен табиғатқа деген сүйіспеншілігі де көрініс тапты. Мектеп мұғалімдерінің пікірінше, мұндай іс-шаралар жас ұрпаққа тек өнерді үйретіп қана қоймай, сонымен қатар олардың рухани дамуына, эстетикалық талғамын қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге мүмкіндік береді.
Семинар қорытындысында ұйымдастырушылар байқаудың балаларға шабыт беріп, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға зор септігін тигізетінін атап өтті. Сонымен қатар, бұл іс-шара жас суретшілерге қоғамдағы өз орындарын түсінуге және болашақта өз өнерімен ерекшеленуге жол ашатыны сөзсіз.
«Табиғат – Абай әлемінде» байқауы – қалалық деңгейде жас ұрпақтың өнерге, табиғатқа және ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын оятуға бағытталған маңызды педагогикалық бастама. Бұл шара әрбір қатысушының өз шығармашылық потенциалын көрсетуіне, өзін-өзі дамытуына және Абай мұрасын бойына сіңіруіне мүмкіндік берді.
