2025-10-12 21:06:36
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА МЕКТЕПТЕР АШЫЛДЫ: ҚАРЖЫ ҚОРДАН БӨЛІНДІ

Шымкент қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында бірнеше жаңа мектеп пайдалануға берілді. Олардың құрылысы Білім инфрақұрылымын қолдау қорының қаржысы есебінен жүргізілді. Қор 2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылып, қаражат сыбайлас жемқорлардан мемлекетке қайтарылған қаржы есебінен толықтырылады. Оның басты мақсаты – үш ауысымды оқытуды жою, апатты мектептерді алмастыру және оқушы орындарының тапшылығын шешу.

Қалада халық саны қарқынды өсіп келеді. Соған сәйкес оқушылардың да саны артуда. Осы мәселені шешу үшін мегаполисте жаңа мектептер салу – күн тәртібіндегі маңызды бағыттың бірі. Қаржы қорының қолдауымен ашылған оқу орындары бірнеше мың оқушыны қамтуға мүмкіндік береді.

Жаңадан пайдалануға берілген мектептердің жобалау кезінде инклюзия талаптары басты назарға алынған. Ғимараттарда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған пандустар, лифтілер, тактильді көрсеткіштер, арнайы санитарлық бөлмелер және ресурс кабинеттері бар. Сонымен қатар барлық мектептер бейнебақылау жүйелерімен, өрт дабылы, турникеттер және қауіпсіздік түймелерімен жабдықталған.

Энергияны үнемдеу мәселесі де ескерілді: ғимараттарға автоматтандырылған жылу жүйелері, жарықдиодты шамдар және жылу өткізбейтін терезелер орнатылды. Ал оқу кабинеттерінде химия, биология, физика зертханалары, IT-сыныптар мен медиатекалар ашылды. Одан бөлек, спорт алаңдары мен заманауи стадиондар да оқушылардың игілігіне берілді.

Қаржының тиімді әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз ету үшін арнайы дашборд іске қосылған. Онда әр мектеп құрылысының барысы мен қаржының жұмсалу көрсеткіштері апта сайын жаңартылып отырады.

Жыл соңына дейін қалада тағы бірнеше жаңа мектептің құрылысы аяқталмақ. Қалалық білім басқармасы педагогтарды қабылдау, мектеп маршруттарын ұйымдастыру және бірінші сынып оқушыларын қабылдау жұмыстарын қатар жүргізіп жатыр.

Мамандардың айтуынша, «Мемлекетке қайтарылған қаражаттың балалардың болашағына жұмсалуы – әділетті Қазақстанның нақты көрінісі».

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР