2025-10-13 11:23:01
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ана тілі-халықтың рухани мәні

Назарбаев Зияткерлік мектебінде (бұдан әрі — НЗМ) «Даналық бейсенбі» жобасы аясында кезекті кездесу өтті. Бұл жолы жоғары сынып оқушыларымен кездесуге ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов шақырылды. Белгілі қазақстандық зерттеуші ғалым НЗМ оқушыларына 1917 жылы Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ зиялыларының басқа да өкілдері құрған «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысы туралы айтып берді.

Е. Тілешов атап өткендей, Алаш қозғалысы – қазақ халқының ұлт және мемлекет ретінде қалыптасуына негіз болған ірі тарихи оқиға.

«Алаш қозғалысы- қазақ елінің ел болып құрылуына жол салған ірі тарихи оқиға. Ең әуелі бұл қозғалыстың атауы «алаш» яғни «қазақ» деген ұғыммен бірдей мағына береді. Алаш партиясы — ұйқыда жатқан қалың қазағын оятуға, көкірек көзін ашуға бар күш -жігерін сарп етуге жұмылған, еліміздің әр тұсынан жиналған ақсүйектерден құрылды. Сол азаматтардың тайсалмай күрескен ер-жүрек мінездерінің арқасында, бүгінде біз Бір Тәуелсіз ел болып отырмыз»,- деп атап өтті Ербол Тілешов.

Кездесуде оқушылар қонақтың Алаш қозғалысы өкілдерінің өз елінің ағартушылық, бостандық және тәуелсіздік идеяларына жанқиярлық қызметі туралы қызықты әңгімесін үлкен қызығушылықпен тыңдады. Алаш қайраткерлерінің тағдыры оқушыларға үлкен әсер қалдырды, оларды өз елінің тарихын, ана тілін қастерлеуге және Алаш қозғалысының баға жетпес мұрасы – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін сақтауға талпындырды.

Ербол Тілешов 200-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалардың, оның ішінде «Көркемдік әдіс және суретші», «Алаш туы астында» және «Қайнар» монографияларының, «Алаш қозғалысы» энциклопедиялық анықтамалығының «Алаштың Ардағы» танымдық жинағының (Д. Қамзабекпен бірге) және қазақ әдебиеті теориясы, Алаштану, тілтану, қазақ тілін оқыту әдістемесі тағы басқа сүбелі еңбектердің авторы.

Айта кетейік, «Даналық бейсенбі» жобасы аясында кездесулер өткізу. оқушыларға белгілі қоғам қайраткерлерімен, ғалымдармен, білім беру, денсаулық сақтау, экономика, кәсіпкерлік, спорт саласының өкілдерімен танысуға және сұрақтарға жауап алуға, ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР