2025-10-13 08:31:16
11.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы еліміздің цифрлық трансформациясына бағытталған маңызды қадам болып табылады. Президенттің жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстанның болашағына қатысты айтқан ойлары мен ұсыныстары өте өзекті және уақыт талабына сай.

Жолдауда атап өтілгендей, цифрлық технологиялардың жаһандық еңбек нарығын өзгертуі, әсіресе жасанды интеллект саласындағы мамандарға деген сұраныстың артуы, біздің білім беру жүйемізді жаңғырту қажеттілігін көрсетеді. Al-Sana бағдарламасы арқылы 100 мыңға жуық студентті технологиялық жобаларға тарту – бұл жастарымыздың болашағына инвестиция жасау.

Мектеп қабырғасынан бастап жасанды интеллектпен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру – бұл өте дұрыс шешім. Оқушыларға арналған арнайы бағдарлама мен оқу материалдарын әзірлеу, ұстаздардың дағдыларын жетілдіру – бұл еліміздің білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

«Qazaq Digital Mektebi» жобасы ауылдағы оқушылар үшін сапалы білім алуға жол ашады, бұл – еліміздің барлық өңірлерінде білім теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды бастама. Жасанды интеллект бүгінде білім беру ортасының бір бөлігіне айналды. Мысалы, Шымкент қаласы білім басқармасының «Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының ұстаздары да жасанды интеллектіні жасанды интеллектті белсенді меңгеріп, қолданып жатыр.

Жасанды интеллект мұғалім үшін сабаққа дайындықты жеңілдете түсті. Ол креативті сұрақтар құрастыруға, әр оқушымен сараптама жүргізуге, сабақ жоспарлауға үлкен көмегін тигізеді. Бұл жерде айта кететін ­басты нәрсе – жасанды интел­лект мұғалімнің орнын ауыстыр­майды, тек педагогтің жұмысын жеңіл­детеді. Тағы да айта кетерлігі, жа­санды зерде құрастырған тапсыр­маларды мұғалім міндетті түрде тек­серуге тиіс. Өйткені ол бағдарлама бол­ған­дық­тан, қателесіп, оқушыға артық әрі қауіпті ақпарат ­беруі әбден мүмкін

Ал, оқушылар үшін жасанды интеллект — көмекші. Ол үй тапсырмасын орындауға, ақпарат іздеуге және цифрлық дағдыларды дамытуға көмектеседі. Алайда балалар ЖИ-дің сиқырлы таяқша емес, тек көмекші құрал екенін түсінуі маңызды.

Жалпы, Президенттің Жолдауы еліміздің цифрлық болашағына деген сенімді арттырады және жастарымыздың заманауи технологияларды меңгеруіне үлкен мүмкіндік береді. Осындай бастамалар арқылы Қазақстанның әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілігін арттыруға болады.

Райхан ӘБІШОВА,
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Білім-инновация» ер балаларға арналған
№1 лицей-интернаты директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Дерек көзі: narkesken.kz

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР