2025-10-12 11:24:04
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Тіл – асыл қазына» атты әдеби-музыкалық кеш өтті

«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында 2025 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – асыл қазына» әдеби-музыкалық кеш өтті. Іс-шараға компания қызметкерлері мен олардың балалары белсене қатысып, ана тіліміздің қадір-қасиетін ән-жырмен өрнектеді.

Аталған іс-шараны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Басқарма басшысы Қайыржан Алдашұлы Рахымжанов құттықтау сөзбен ашып, Компания қызметкерлеріне ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғысхатын салтанатты түрде табыстады. Бұл — тіл мерекесінде көрсетілген еңбектің лайықты бағалануы!

Іс-шараға Басқарма төрағасының орынбасары А.М. Рахимберлин арнайы қатысып, кешке өз лебізін білдірді.
Тіл мерекесіне арналған бұл кеш — ұлттың рухани бірлігін, сөз құдіретін ұлықтаған мазмұнды әрі әсерлі шара болды.

Ұлт ұстаздары Абай мен Ахметтің тіл туралы тағылымды сөздері жүрекке жетіп, қатысушылар ана тіліміздің асыл қазына екенін тағы бір дәлелдеді.
Кештің ерекше сәті – балалардың жүрек тербейтін сөздері. «Ана тілім — жүрегімнің үні» атты шағын бейнероликте балаларымыз ана тіліне деген өз махаббатын, құрметін ерекше сезіммен жеткізді. Балалық таза көңілден шыққан әр сөз – көрермен жүрегіне жол тапты.
Тіл мерекесіне арналған «Тіл – асыл қазына» кеші белсенді қатысушыларды марапаттаумен өз мәресіне жетті.

Кеш аясында компанияның «Рухани қазына» клубы ұйымдастырған шағын кітап көрмесі, каллиграфия және дикторлық шеберлік бойынша мастер-кластар өтті. Домбыра үйірмесінің орындауындағы күйлер мен терме-жырлар көрерменнің зор ықыласына бөленді. Сонымен бірге «Менің сүйікті сөзім» атты интерактив алаңда қатысушылар өздеріне қымбат сөздер мен тіркестердің мән-мағынасын талдап, лингвистермен еркін пікір алмасты. Іс-шара қорытындысында келер жылы «Тіл – асыл қазына» кешін тіл апталығымен ұштастырып, ашық диктант және поэзия марафонын өткізу жоспарланды. Компания басшылығы мұндай формат корпоративтік мәдениетті байытып, жас буынға үлгі болатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР