Югай Констаниннің есімі онкология саласына жақсы таныс. Білікті маман қатерлі ісікке шалдыққан мыңдаған науқастарға шипалы емін дарытты, деп хабарлайды Citynews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Константин Югай- оңтүстік өңіріндегі білікті онкогинеколог. Жиырма жылдан бері денсаулық сақтау саласында қызмет етіп келе жатқан білікті маман қатерлі ісікке шалдыққан әйелдерге ота жасап, емдеу жұмыстарын жүргізеді.
Дәрігер жылына 200-ден аса әйелге онкогинекологиялық ота жасайды. Білікті маман көбіне жатырдың қатерлі ісігіне шалдыққан ауыр жағдайдағы әйелдерге операция жасап, ажалдан арашалап қалады. Білікті маман бүгінде қаладағы онкологиялық орталықтың онкорадиология бөлімінің меңгерушісі.
Жатырдың қатерлі және қатерсіз ісігімен орталыққа түскен әйелдерге шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру, ауыр жағдайдағы науқастарға ота жасауда Югайдың күнделікті міндетіне кіреді.
Халық ықыласына бөленген, ауыр науқастарды емдеу әдісіне жаңа технологияларды енгізген К. Югай еселі еңбектері еленіп, осы уақытқа дейін бірнеше рет мемлекеттік наградамен марапатталған.