2025-10-12 13:32:45
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қазақ тілін оқыту тәжірибесі: шетелдегі ұстаздар бас қосқан онлайн курс

«Қазақ тілін үйрету: отандық және шетелдік тәжірибе» тақырыбында өтетін 12 сағаттық онлайн біліктілік арттыру курсы басталды. Курс қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибелермен алмасу және шетелдегі ұстаздарға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Онлайн форматта өтіп жатқан бұл іс-шара барысында қатысушылар тіл үйретудің заманауи тәсілдерімен танысып, отандық және халықаралық тәжірибелерді саралайды.

Қазіргі таңда курсқа 80-нен астам мамандар белсенді түрде қатысуда. Олар тіл үйренушілердің қызығушылығын арттыруға бағытталған тәжірибелерімен бөлісіп, қазақ тілін оқытуда кездесетін нақты қиындықтар мен олардың шешу жолдарын талқылап жатыр.

Курсқа шетелдерде қазақ тілін оқытып жүрген қандас ұстаздар да белсенді атсалысуда. Олар өз елдеріндегі оқыту ерекшеліктері мен тиімді әдістерін ортаға салып, кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосып жатыр.

Курс қорытындысында қатысушылар арнайы сертификаттарға ие болады. Бұл бастама — тек білім мен тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар шетелде жүрген қазақ тілі мұғалімдерінің өзара байланысын күшейтетін маңызды қадам.

Қосымша модульдерде коммуникативтік және тапсырмаға негізделген әдістер, CLIL, цифрлық контент әзірлеу, бағалаудың қалыптастырушы формалары қамтылған. Лекторлар интерактивті платформаларды пайдаланып, ашық сабақтар мен микрооқыту сессияларын өткізеді.

Тыңдаушыларға үлгі сабақ жоспарлары, мультимедиалық материалдар топтамасы және онлайн-ресурстар тізімі ұсынылады. Курс аяқталған соң бейнематериалдар ортақ мұрағатқа жүктеліп, тілдік клубтар мен тәлімгерлік қауымдастықтары тұрақты форматта жұмысын жалғастырады.

Алдағы кезеңде шетелдік орталықтармен бірлескен вебинарлар, шеберлік сыныптары мен тіл фестивальдері өтеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР