2025 жылғы 22 тамызда Шымкент қаласында «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында дәстүрлі Тамыз конференциясы өтті.
Жиын аясында білім беру саласына айрықша үлес қосқан педагогтер мен әріптестерге мемлекеттік марапаттар мен Алғыс хаттар табысталды.
Мемлекеттік наградалар
- «Парасат» ордені – еңбек ардагері Жеткерген Кеулімжаевқа
- «Ерен еңбегі үшін» медалі – №15 мектеп-лицейдің мұғалімі Бибігүл Жасұзақоваға
- «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі – №56 мектеп директоры Ұлған Мамешоваға
«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі
Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, физика, химия, тарих, бастауыш сынып және басқа да пәндердің 12 үздік мұғалімі марапатталды.
ҚР Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен
- Қауіпсіздік органдары мен прокуратура өкілдері
- Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері
- «AMANAT» партиясының өкілдері
- Бірқатар мектептердің техникалық қызметкерлері марапатталды.
Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хатымен
Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың қолынан марапат алғандар арасында:
- Мектеп және колледж ұстаздары
- Педагог-психологтар мен әдіскерлер
- Жаңа «Келешек» мектептерінің мұғалімдері бар.
Тамыз конференциясы аясында өткен марапаттау рәсімі – білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар мен әріптестерге көрсетілген зор құрметтің бір көрінісі болды.
Сондай-ақ Жиында сөз алған Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ұстаздарды жаңа 2025–2026 оқу жылының басталуымен құттықтап, Мемлекет басшысының білім беру саласына жасаған қолдауы арқасында жүзеге асқан іргелі істерге тоқталды. Сонымен бірге педагогтерге жүктелер жаңа міндеттерді нақтылап берді.