2025-10-12 16:20:06
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте балаларды 1-сыныпқа қабылдау науқаны жоспарлы түрде жүргізілуде

2025-2026 оқу жылына арналған 1-сыныпқа қабылдау науқаны Шымкент қаласында белгіленген тәртіпке сай қарқынды жүргізілуде. Бұл процесс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 сәуірі мен 31 тамызы аралығында жүзеге асырылады. Құжаттарды қабылдау – алты жасқа толған немесе күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалардың ата-аналары мен заңды өкілдерінен электронды және қағаз форматта қабылдануда.

Биылғы оқу жылында Шымкент қаласындағы 268 мектепке 27 546 оқушыны 1-сыныпқа қабылдау жоспарланған. 2025 жылғы сәуірдің 1-інен бүгінге дейін 21 097 өтініш қабылданған. Оның ішінде:

  • Электронды түрде – 16 893 өтініш,
  • Қағаз нұсқада – 4 204 өтініш.

Тілді оқыту бағыты бойынша:

  • Қазақ сыныбына – 12 777 оқушы,
  • Орыс сыныбына – 4 818 оқушы,
  • Өзбек сыныбына – 3 499 оқушы қабылданды.

Бұл қабылдау жоспарының 76 пайызы орындалғанын көрсетеді.

Құжат қабылдау процесі:

Барлық білім беру ұйымдарында құжаттарды қабылдау eGov.kz порталы арқылы онлайн форматта және мектеп әкімшілігіне тікелей тапсыру арқылы жүргізілуде.

Ата-аналармен ақпараттық жұмыс:

Апта сайын мектеп әкімшіліктері ата-аналармен кездесу өткізіп, қабылдау талаптары, қажетті құжаттар мен мерзімдер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен мектептердің ресми сайттары арқылы ақпараттық хабарламалар таратылып отыр.

Қиындықтар мен ұсыныстар:

Қазіргі таңда 1-сыныпқа қабылдау процесі жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Мәліметтер апта сайын жинақталып, білім ұйымдарына әдістемелік қолдау көрсетілуде. Сонымен қатар, ата-аналармен тиімді кері байланыс орнату жалғасуда.

Әлеуметтік қолдау шаралары:

Жаңа оқу жылында әлеуметтік осал санаттағы 56 430 оқушыға 46 500 теңгеден бір реттік қаржылай көмек көрсету жоспарланған. Бұл көмекке атаулы әлеуметтік көмек алатындар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан оқушылар кіреді. Аталған мақсатқа жалпы сомасы 2 млрд 623 млн 995 мың теңге бөлінуі жоспарлануда.

Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР