2025-08-22 00:55:42
25.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

САНАЛЫ ҒҰМЫРЫН БІЛІМГЕ АРНАҒАН ЖАН

Атажанова Еркинай Иристаевна — «Б.Момышұлы атындағы №120 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарады. 1966 жылы 12 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Жоғары білімді, педагог-зерттеуші біліктілік санатына ие. Жалпы педагогикалық еңбек өтілі — 39 жыл, оның ішінде аталған ұжымда еңбек етіп келе жатқанына 19 жыл болды.

Еркинай Иристаевна — өз ісіне адал, оқушыларға сапалы білім беріп, жас ұрпақты тәрбиелеуде мол тәжірибе жинақтаған ұстаз. Оның кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігі әріптестері мен ата-аналар тарапынан жоғары бағаланады.

Ұзақ жылғы еңбегінің нәтижесінде Еркинай Иристаевна көптеген шәкірттің жүрегіне жол тауып, олардың өмірлік бағыт-бағдарын анықтауға үлес қосып келеді. Ол — оқушы бойындағы шығармашылық қабілетті дамытып, еркін ойлауға баулитын жаңашыл ұстаз. Әр сабағында заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, білім беру үдерісін оқушы тұлғасына бағыттау арқылы сапалы нәтижеге қол жеткізіп жүр.

Пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларда шәкірттері жүлделі орындарға ие болып, ұстаздың кәсіби деңгейін дәлелдеп келеді. Әсіресе, орыс тілі мен әдебиетіне деген қызығушылықты арттырып, оқушыларды көркем шығармаларды терең түсінуге баулиды. Сонымен қатар, эссе, шығарма, шығармашылық жобалар жазу арқылы тіл байлықтарын жетілдіруге ерекше назар аударады.

Еркинай Иристаевна ұжымда беделді, жас мамандарға әрдайым қолдау көрсетіп, өзінің бай тәжірибесімен бөлісетін тәлімгер ұстаз. Оның әдістемелік жұмыстары мен баяндамалары қалалық және облыстық деңгейде жоғары бағаланып, бірнеше рет Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Ұстаздық қызметпен қатар мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, ата-аналармен де тығыз байланыс орнатқан. Ізденімпаздығы, кәсібіне деген сүйіспеншілігі мен балаларға деген қамқорлығы оның нағыз педагог екенін айғақтайды. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған мұғалім – бүгінгі ұрпақтың ғана емес, болашақтың да шамшырағы.

#ЖҰМЫСШЫ_МАМАНДЫҚТАР_ЖЫЛЫ #ЕҢБЕК_АДАМЫ_2025

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР