2024-11-23 13:00:51
10.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте табиғатты қорғау полициясы 200-ден астам заңсыз ауланған құсты босатты

Шымкентте табиғатты қорғау полициясы 200-ден астам заңсыз ауланған құсты босатты

Шымкентте табиғатты қорғау полициясы 200-ден астам заңсыз ауланған құсты босатты, – деп хабарлайды Citynews.kz тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.

Құқық бұзушылық жасаған қаланың 4 тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы бойынша жауапқа тартылды. Тәртіп сақшылары оларды профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында қаладағы Жабық базардың аумағынан анықтады. Мұнда заң бұзушылар кішкентай торғайларды сатып тұрған. Полицейлер торлардан 212 құсты босатты.

Сондай-ақ табиғатты қорғау полициясының инспекторлары Түркістан облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамымен бірлесіп жүргізген рейд барысында жабайы үйректерді заңсыз аулаған азаматты анықтады.

Оған қатысты ӘҚБтК-нің 382-бабы және 484-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Құқық қорғаушылар тұрғындарға заңсыз аң аулағаны үшін заңнамада көзделген жауапкершілік туралы еске салады және өңірдің экологиялық әл-ауқатын сақтауға, табиғат пен жануарлар дүниесін қорғауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР