2024-11-24 20:34:49
8.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қазақстандық және шетелдік ғалымдар Шымкентте бас қосты

Қазақстандық және шетелдік ғалымдар Шымкентте бас қосты

Биыл №2 қалалық аурухананың құрылғанына – 45 жыл. Осыған орай Шымкентте екі күндік «Тәжірибелік медицинаның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды. Оған еліміздің және шетелдік атап айтқанда, Германия, Түркия, Ресей, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан ғалымдары шақырылды.

“Халықаралық деңгейдегі конференцияның маңызы зор. Бұл шарада медицина мамандары тәжірибе алмасу арқылы өздерінің кәсіби біліктілігін арттырып, ғылыми ізденістерін одан әрі дамытады деген сенімдемін. 45 жылдық тарихы бар аурухананың қызмет көрсету сапасы жылдан жылға жақсарып келеді. 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап ауруханаға алғаш рет күрделі жөндеу жүргізіліп, аурухананың материалдық- техникалық базасы жаңарды,”-дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков.

Қазіргі уақытта №2 қалалық ауруханада 390 төсек орынға лайықталған. Көпсалалы аурухана 13 бөлімшеден тұрады, құрамында стационар, перзентхана, емхана бар. Барлық бөлімшелер шұғыл және жоспарлы түрде терапевтік және хирургиялық бейіндегі пациенттерге білікті медициналық көмек көрсетеді.

Қазақстандық және шетелдік ғалымдар Шымкентте бас қосты

Соңғы бір жыла аталған аурухана дәрігерлері күрделі диагнозы бар азаматтарға бұрын соңды болмаған оталар жасап, өлімнен арашалап қалды.

Мысалы мұнда жедел коронарлық синдром кезеңінде тері арқылы коронарлық араласу, бауыр циррозының, өңеш пен асқазан тамырларының варикозды кеңеюін эмболизациялау, бүйрек терминалды созылмалы шамасыздығы бойынша тұрақты диализдегі пациенттерге перманенттік катетер орналастыру операциясы жасалды. Тізе асты артерияның тармақтарын эмболизациялау бойынша 4 ота сәтті өтті.

Бұдан бөлек, биыл аурухананың кардиология бөлімінде Шымкент қаласындағы штаттан тыс интервенциялық кардиолог Асқар Мұратұлының бастамасымен жүрекке коронография отасы жасалды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР